22.07.2014, 19:42 6433

Астанада жастар бастамасын қолдаудағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

Айта кету керек, биылғы жылдың қыркүйек айында тараптар желі ішінде тегін қоңырау шалып, өзге операторларға төмен бағамен байланысуға мүмкіндік беретін және білім беру ғаламтор ресурстарына кіруге жеңілдік жасайтын мектеп оқушыларына арналған арнайы мобильді тарифті шығаруды жоспарлап отыр.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік пен "КаР-Тел" ЖШС ( Beeline Қазақстан) бүгін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

"Комитет мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға мүдделі, сол себепті біз аталмыш үшжақты Меморандумның құрылуын қуана қолдаймыз. Менің ойымша, Beeline өзге компанияларға әлеуметтік-отандық бизнесті іске асыруда алдыңғы қатарлы үлгі болуы тиіс", - дейді ҚР БҒМ Жастар ісі комитеті төрайымы Роза Кәрібжанова.

Айта кету керек, биылғы жылдың қыркүйек айында тараптар желі ішінде тегін қоңырау шалып, өзге операторларға төмен бағамен байланысуға мүмкіндік беретін және білім беру ғаламтор ресурстарына кіруге жеңілдік жасайтын мектеп оқушыларына арналған арнайы мобильді тарифті шығаруды жоспарлап отыр.

"Білім беруді қолдау Beeline-ның корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біз әлеуметтік маңызды мәселелерді шешумен қатар дамуға жетелейтін және барша қоғамның ілгерілеуін қаматамасыз ететін жобаларды іске асыруға тырысамыз", - дейді Beeline Қазақстан компанияның бас коммерциялық директоры Александр Комаров.

Меморандумның басты мақсаты мемлкеттік орган, бизнес құрылым мен қоғамдық ұйымдардың қызметін жастар бастамасын қолдау мен балалар мен жасөспірімдерді жан жақты қолдауда біріктіру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны