30.07.2015, 11:18 2814

Астанада жеӊілдікпен жүретін азаматтар үшін арнайы төлем карталары жасалады

Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Astana LRT" компаниясы бірігіп тамызда жеӊілдікпен жүретін азаматтар үшін фототіркеу процедурасын бастайды.

Астана. 30 Шілде. Kazakhstan Today - Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Astana LRT" компаниясы бірігіп тамызда жеӊілдікпен жүретін азаматтар үшін фототіркеу процедурасын бастайды. Фотоға түсіру тегін және қаланыӊ қоғамдық көліктерінде электронды төлем жүйесініӊ енгізілуі аясында өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі күні "Сарыарқа", "Есіл" және "Алматы" аудандарында орналасқан жиырма бес фототіркеу пункті анықталған. Астанада жеӊілдікпен жүретін азаматтар категориясына кіретін тоқсан мыӊнан астам адам тіркелген. Оған жататындар:

- ҰОС ардагерлері және соларға теӊестірілген тұлғалар;

- жасы және қызмет еткен уақыты бойынша зейнеткерлер;

- жасына байланысты және асыраушысынан айырылғандығына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлем алатындар;

- көпбалалы отбасылар;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;

- студенттер мен оқушылар;

Фотоға түсіру және жеке жолақысын төлеу карталарын дайындау ақысыз жүзеге асырылады. Аталмыш карталар иелеріне қоғамдық көлікте электронды төлем жүйесін енгізгеннен кейін беріледі., деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Атап өтейік, жолақысын төлеудіӊ электронды жүйесін енгізу бір реттік жол билеттерініӊ есебініӊ болмауы, жолаушылар легі туралы нақты мәліметтіӊ болмауы, қоғамдық көлік қызметкерлерініӊ табыс мөлшерін жасыруы және қазіргі жолақысын төлеу жүйесініӊ жалпы қолайсыздықтары сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жолақысын төлеудіӊ электронды жүйесі халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартып, қаржы легініӊ және салық жинаудыӊ айқындығын арттырып, жолаушылардыӊ көлікке мініп түсу уақытын қысқартып, "билетсіздерді" анықтауға көмектеседі.

Жеӊілдікпен жүретін азаматтар категориясын фототіркеуден өткізу процедурасы тамыздыӊ соӊына дейін жалғасады. Фотоға түсіру үшін өзімен бірге жеке куәлік болу керек және Астана қаласында тіркеліп, осы жерде тұрақты тұру керек. Жолаушыларға қолайлы болу үшін және консультация жүргізу мақсатында фототіркеу өткізіліп жатқан кезеӊде барлық сұрақтар бойынша хабарласу үшін 57-47-77 номері бойынша call-орталық ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны