26.09.2011, 16:26 3529

Астанада Жеңіс даңғылында көлік қозғалысына шектеу қойылды

26 қыркүйектен бастап Мәскеу көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралықта Жеңіс даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс толық шектелеген. Бұл туралы Астана қаласының ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Жеңіс даңғылында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

http://www.inform.kz/ ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгіннен, яғни, 26 қыркүйектен бастап Мәскеу көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралықта Жеңіс даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс толық шектелеген. Бұл туралы Астана қаласының ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған.

Бұдан басқа осы аталған себептермен Сейфуллин көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі аралықта Жеңіс даңғылында қозғалыс шектеледі, көлік құралдарының қозғалысы Кенесары және Сейуллин көшесімен тікелей өткізіледі.

Астана қаласының жол полициясы басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарының барынша абай болып, балама қозғалыс бағыттарын алдын ала таңдауды, жол белгілерін және жол полициясы қызметкерлерінің талпптары мен нұсқауларын қатаң сақтауды сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны