09.05.2013, 13:07 3888

Астанада Жеңіс Күнінің 68-жылдығы атап өтілді

Президент "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қойып, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қазақстандық жауынгерлерге минуттық үнсіздікпен тағзым етті. Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қатысушылар мен ардагерлерге 150 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Астана. 9-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 68-жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президент "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қойып, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қазақстандық жауынгерлерге минуттық үнсіздікпен тағзым етті.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қатысушылар мен ардагерлерге 150 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұдан өзге, материалдық көмек фашизм тұтқындарына, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне және тыл еңбеккерлеріне көрсетіледі.

Сонымен қатар, бүгін мерекелік іс-шаралар Қазақстанның барлық облыстарында өткізіліп жатыр. Оған қоса, еліміздің барлық өңірлерінде ҰОС қатысушыларына бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны