28.12.2012, 16:12 4270

Астанада жілік майына аллогенді трансплантациялау отасы сәтті өтті

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 6 жасар Темірлан Мырзағалидың жілік майына аллогенді трансплантациялау отасы ойдағыдай жасалды. Бұл аталған ғылыми орталықтағы екінші операция.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада жілік майына аллогенді трансплантациялау отасы сәтті өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 6 жасар Темірлан Мырзағалидың жілік майына аллогенді трансплантациялау отасы ойдағыдай жасалды. Бұл аталған ғылыми орталықтағы екінші операция.

Ал, бүлдіршінге донор болған оның туған бауыры Мейірлан Мырзағали. Қазір науқас болған Темірланның отадан соң жілік майы өсіп, жедел лимфобласты лейкоздан айығып кеткендігін дәрігерлер сеніммен айтады. Биыл еліміз бойынша балалар трансплантацияның мұндай түрі 7 рет жасалыпты. Айта кету керек, жілік майы донорлығы қан донорлығына ұқсас болып келеді, - дейді мамандар.

Сондықтан, одан еш қауіптенбеген жөн. Басқасын айтпағанда балалардың осындай дертіне донор өте тапшы. Осының негізінде қоғамда түсіндірме жұмыстарына бағытталған іс-шаралар жиі өткізілсе дегенді ақ халаттылар атап өтті. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында алдағы жылы балалардың онкологиялық жаңа бөлімшесін ашу жоспарланып отыр. Соның құрамында жілік майын трансплантациялау емдері жасалатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны