01.10.2016, 17:56 4979

Астанада жылыту маусымы басталды

Бүгін, 1 қазанда қаланыӊ әлеуметтік нысандарына жылу берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, 1 қазанда қаланыӊ әлеуметтік нысандарына жылу берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Барлық тұтынушыларға жылу тұтынатын құралдардыӊ дайындығын қамтамасыз ету, жылыту жүйелерін шаю және жылыту маусымыныӊ алдында міндетті түрде тазалау бойынша техникалық талаптар берілді.

"Барлық білім, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары толық дайын, "Астана-Теплотранзит" АҚ жылуды қосу туралы өтініш берілді. Қазіргі кезде көппәтерлі тұрғын үй қоры 2250 үйді құрайды, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталды. Тұрғын үйлер бойынша ПИК дайындық құжаттары болған жағдайда "Астана-Теплотранзит" АҚ өтінім береді, содан кейін жылу қосылады. Бұл ретте бес күн бойы ауа температурасы +10 болуы керек", - деді қалалық Энергетика басқармасыныӊ басшысы Бақтыбек Жапаев Елорданыӊ баспасөз орталығында өткен қаланыӊ 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы бойынша брифинг барысында.

Айта кетейік, жылыту маусымында орташа тариф 2589 теӊгені құрайды.

Энергия көздері, инженерлік желілер және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары да алдағы жылыту маусымына толық дайын.

2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындық кезінде "Астана-Энергия" АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілді.

Қазіргі кезде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жылыту маусымына 100% дайын, аудандық қазандықтар да жылыту маусымын бастауға әзір.

"Астана-Энергия" АҚ отын қорына тоқталсақ: көмір - 241 392 т., мазут - 7 783 т.

2016-2017 жж, жылыту маусымы басталғанша станцияларда отынныӊ нормативтік 20 тәуліктік қоры жасалады, ЖЭО-1 бойынша - 36 140 т., ЖЭО-2 бойынша- 185 420 т.

Сонымен қатар 2016 жылы әр айда көмір жеткізу кестесі бекітілді. Аудандық қазандықтарда қажетті 19 000 т. көмір қорыныӊ 16 000 т. бар. Көмір кестеге сәйкес қазан айынан бастап жеткізіледі.

"Астана-Теплотранзит" АҚ жылыту маусымына 100% дайын. "Астана-Теплотранзит" АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1,150 км магистральді желіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 1,432 км тарату желісіне күрделі жөндеу жүргізілді, 100% орындалды. 3 698м2 құбырдыӊ жылу оқшаулауы қайта жөнделді. 2016-2017жж арналған Астана қ. жылумен жабдықтау жүйесі жұмысыныӊ режимдік картасы әзірленіп, келісілді.

"Астана-РЭК" АҚ жылыту маусымына 100% дайын. Үстіміздегі жылдыӊ сәуір айынан қыркүйек айына дейін "Астана-РЭК" АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша бірнеше ИЖ күрделі жөндеу жұмыстары орындалды. "Астана-РЭК" АҚ қызмет көрсетілетін электр желілерініӊ жалпы ұзындығы 3 631 шақырымды құрайды. Шағын станциялар саны - 1 134 бірлік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны