04.07.2007, 14:45 2627

Астанадағы құрылыс жұмыстарының басым бөлігі 2012 жылы аяқталады - президент

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Астанадағы құрылыс жұмыстарының басым бөлігі 2012 -жылы аяқталады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қаладағы құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі 2012 -жылы аяқталады деп ойлаймын. Ал қала өзіндік өмір сүре береді, оның өсуі енді тоқталмайды",- деді Н. Назарбаев.

Дегенмен, президенттің айтуынша, Астананы дамыту жоспарлары ұлығаусар. Мәселен, президенттің айтуынша, таяудағы жылдарда 22 жаңа мектеп салынса, оның "жетеуі биыл пайдалануға беріледі". Бұған қоса Елордасында медициналық кластер салынып жатыр, ол Н. Назарбаевтың пікірінше, "жоғары деңгейлі жалпықазақстандық медициналық кластерге айналмақ".

"Келесі жылы Астананың 10 жылдық мерейтойын тойлаймыз, 30 мың орынға есептелген шатырлы футбол стадионы, велотрек, "Хан Шатыр" кешені салынады, бұл - әлемде теңдесі жоқ нысан болмақ", - деді мемлекет басшысы.

"3500 орынға есептелген бірегей киноконцерт залының құрылысы аяқталады", - деді президент, оның айтуынша, "өңірде мүлде мұндай зал жоқ".

Н. Назарбаевтың айтуынша, Елордасында "Есіл арқылы үш жаңа көпір салынды, қазір төртінші және бесіншісі салынып жатыр, бұған қоса қалада кейбір елдердің тәжірибесімен жер үсті метросы іске қосылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны