20.02.2008, 17:30 4946

Астанадан 10 мың метр биіктікте халықаралық әуе рейсінің бір жолаушысы босанып, ұл тапты

Астанадан 10 мың метр биіктікте халықаралық әуе рейсінің бір жолаушысы босанып, ұл тапты

Павлодар. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Омск - Андижан - Ташкент халықаралық әуе рейсінің экипажы 10 мың метр биіктікте әйелді босандырды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Узбекистон хаво йуллари" ұлттық әуе компаниясының ресми өкілі Равиль Рамкулов хабарлады.

Р. Рамкуловтың айтуынша, ұшырылым ойдағыдай өтті. "Ал 35 минуттан кейін ұшақ жоғары биіктікке көтеріліп, Қазақстан территориясынан өте берген кезде, бір жолаушы әйел толғата бастады", - деді әуе компаниясында. Экипаж амал жоқтан әйелді өздері босандырып алуға мәжбүр болды. Акушерлердің міндетін бортсеріктер Елена Коростиченко мен Людмила Гетман атқарды.

"Нәресте Қазақстан астанасының үстінен 10 мың метр биіктікте ұшып бара жатқан кезде дүниеге келді. Экипаж ойда жоқта пайда болған мәселені абыроймен орындап, нәтижесінде балпанақтай ұл бала туды", - деп атап өтті Өзбек әуе желілерінің өкілі.

Олар айтқанындай, бақытты ана Қырғызстан азаматшасы болып шықты. Ол күйеуі және бірінші баласымен Андижанға ұшып бара жатқан. Сол кезде ұшақта 60 адам болды. Андижанға келіп қонғанда жас ана мен баланы ұшақты тосқан медициналық бригада күтіп тұрды.

Ұшу аяқталғаннан соң халықаралық HY-680 әуе рейсінің экипажына ресми түрде алғыс айтылды. Р. Рымкулов атап өткеніндей, ұшақ командирі осындай оқиғаны екінші рет бастан кешіп отыр. Бес жыл бұрын ұшқыш Ташкент-Хабаровск бағытымен ұшқан халықаралық рейсте бір жолаушы әйелді босандырып алған. Сол кезде де нәресте Қазақстан аумағының үстінде дүниеге келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны