02.06.2015, 15:07 4155

Астанадан Сеул мен Тбилисиге тікелей әуеқатынасы ашылды

"Air Astana" әуекомпаниясы Астанадан Сеул мен Тбилисиге шығатын тікелей рейс ашты, деді Астанадағы баспасөз конференциясында "Air Astana" әуекомпаниясыныӊ президенті Питер Фостер

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - "Air Astana" әуекомпаниясы Астанадан Сеул мен Тбилисиге шығатын тікелей рейс ашты, деді Астанадағы баспасөз конференциясында "Air Astana" әуекомпаниясыныӊ президенті Питер Фостер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін таӊертеӊ Астана -Сеул бағытындағы "Boing 767 - 300ER" ұшағы өз жұмысын бастады. Бүгін түнгі 12:00-де Астанадан Тбилисиге ұщақ қатынайтын болады. Астана қаласында жаӊа бағыттардыӊ қосылуы елорданыӊ азаматтық авиациясы дамып, өзге елдермен әуе қатынасы жақсарғандығын байқатады", - деді П.Фостер, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Иуекомпания президентініӊ айтуынша, Қазақстан мен Оӊтүстік Корея арасындағы рейс жұмасына 1 рет қатынайды, ал, Астана-Тбилиси қатынасы жұмасына екі рет қатынайды.

"Біз әуекомпания ретінде Сеул мен Тбилисиге тікелей қарым-қатынас ашылғанына өте қуаныштымыз. Иуекомпания Сеулге Алматыдан 12 жыл бойы ұшуда, Алматыдан Тбилисиге ұшақтар 4 жыл қатарынан қатынауды жүзеге асыруда", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны