11.10.2017, 15:48 4964

Астаналық қан тамыры хирургы Көкшетауда науқастарды тегін қабылдады

Тегін қабылдау Көкшетау қалалық емханасыныӊ қабырғасында өткізілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі "Шаӊырақ" орталығына сілтеме жасап.

Көкшетау. 11 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ тапсырысы бойынша "Шаӊырақ әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы" қоғамдық қоры "Денсаулық" мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы шеӊберінде Астана қалалық №1 ауруханасыныӊ дәрігері Ғалымжан Рысқұловты өӊірге шақырды. Тегін қабылдау Көкшетау қалалық емханасыныӊ қабырғасында өткізілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі "Шаӊырақ" орталығына сілтеме жасап.

Ғалымжан Рысқұлов бір күнде 66 адамды қабылдады. Оған көбінесе қан тамыры ауруларына шалдыққан адамдар екінші қайта қабылдауға келді. Олардыӊ арасында кеӊес алуға алғаш келгендері де бар. Келушілердіӊ көпшілігі одан әрі тексеруге жолданды, кейбір науқастарға емдеу тағайындалды, сондай-ақ, ота жасауға жіберілгендер де болды.

"Мен қан тамыры варикозына шалдыққанмын. Бұдан бұрын ота жасалған, бірақ осы жолы Ғалымжан Рысқұловтан кеӊес алуға келдім. Тамаша дәрігер! Мұқият қарап, назар қоя тыӊдап, көптеген сұрақтарыма жауап берді. Енді Астана қалалық №1 ауруханада жасалатын келесі отаға әзірленетін боламын",- дейді Маргарита Рыбина есімді науқас.

Дәрігердіӊ қабылдауынан шыққандардыӊ көпшілігі ұйымдастырушыларға осындай дәрігерді шақырғаны үшін және көрсетілген көмек үшін ризашылықтарын білдіріп жатты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны