16.06.2009, 16:47 2673

Астаналық кәсіпкердің отбасын өлтірген айыпкер Евлоевты өмір бойы бас бостандығынан айыруға сот үкімі шығарылды (толықтырылған)

Астаналық кәсіпкердің отбасын өлтірген айыпкер Евлоевты өмір бойы бас бостандығынан айыруға сот үкімі шығарылды (толықтырылған)

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қалалық сот астаналық кәсіпкердің отбасын өлтірген айыпкер Олег Евлоевты өмір бойы бас бостандығынан айыруға, дүние-мүлкін тәркілеп, қатаң тәртіптегі абақтыға жіберуге үкім шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Кәсіпкердің отбасын түгел өлтіруге қатысқан Тянға Астана қалалық соты қатаң тәртіпті абақтыға 25 жылға айдау және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Үкімді бүгін Астана қалалық сотының судьясы Тілеухан Нұғманов жария етті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада қылмыскерлер жеке кәсіпкердің әйелі мен үш баласын асқан айуандықпен өлтіріп кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов 22 қазанда өткен брифингте мәлім етті.

Оның айтуынша, 21 қазанда сағат 22.51-де "Чубары" ықшамауданындағы бір жер үйде үй иесі әйел мен оның 10, 7 және 3 жасар үш баласының мәйіттері пышақ жарақаттарымен табылды.

Олар асқан айуандықпен өлтірілген. "Ал отағасы, жеке кәсіпкер, бір жеке кәсіпорынның директоры өлім болған кезде қызметтік іссапармен шетелде жүрген", - деді Б. Қожахметов.

Астанада төрт адамды бірдей өлтірген қанішер -күдікті деп танылған Олег Евлоев Ингушетия аумағында қолға түсті.

29 қазан күні кешке Ресей, Қазақстан, Ингушения мен Шешенстан ІІМ қызметкерлері жұмылдырылған күрделі іс-шараның нәтижесінде Олег Евлоев Ингушетия аумағында қолға түсті.

"2008 жылдың 9 желтоқсан күні таңғы сағат 4.30-да Шешен Республикасынан Астана қаласына ағымдағы жылдың 21 қазанында Есімсейітовтер отбасының мүшелерін өлтірген күдікті Қазақстан Республикасының азаматы Олег Евлоев жеткізілді",- деді Б.Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны