18.06.2018, 15:38 3851

Астананыӊ 20 жылдығына орай Шымкентте "Қошқар-ата" демалыс аймағы ашылды

Тұсаукесер салтанатына қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шымкенттіктерді жаӊа демалыс аймағыныӊ ашылуымен құттықтап, болашақта жүзеге асатын жобалармен таныстырды.

Шымкент. 19 маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында "Астананыӊ 20 жылдығына - 20 нысан" акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілген Қошқар ата өзеніӊ жағалауы пайдалануға берілді. Айтулы шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Тұсаукесер салтанатына қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шымкенттіктерді жаӊа демалыс аймағыныӊ ашылуымен құттықтап, болашақта жүзеге асатын жобалармен таныстырды.

"Шаһардыӊ шырайын аша түсетін Қошқар ата жағалауы - қала тұрғындарыныӊ сүйікті орнына айналып, мүлдем жаӊа кейіпке енетін болады. Өйткені, алдағы уақытта Қошқар ата өзені бойында көп қабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы жүргізіліп, Қарасу және Қошқар-ата өзендерініӊ бойы толық абаттандырылады. Жалпы "Ескі қала" жобасы бойынша Қошқар ата өзенініӊ жағалауы демалыс және қорғау аймағы болып қарастырылған. Бұл маӊ - Мегаполис атанған қаланыӊ таӊдаулы, көрікті жерлерініӊ біріне айналмақ", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жаӊа келбетке енген жағалаудыӊ ашылу рәсіміне келген қонақтар, демалыс аймағын аралап, дән риза болысты. Қазір онда жарықшам мен орындықтар, ротондар орнатылып, түрлі ағаштар егілген.

Бүгінгі таӊда демалыс аймағын толық аяқтау үшін мемлекет мұқтажына алынатын тұрғын үйлер мен жер телімдеріне өтеамақы төлеу үшін қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны