14.08.2015, 12:42 3853

"Ата заӊға адалмыз" атты патриоттық акцияныӊ аясында үздік әскери қызметшілер наградталды

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау гарнизонында ҚР Конституциясыныӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында еліміздіӊ Қарулы Күштерінде "Ата заӊға адалмыз" атты патриоттық акциясы жалғасуда

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау гарнизонында ҚР Конституциясыныӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында еліміздіӊ Қарулы Күштерінде "Ата заӊға адалмыз" атты патриоттық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Конституция - елдіӊ саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік дамуыныӊ қайнар көзі. Тәуелсіз ел болған жылдардағы біздіӊ барлық жетістіктеріміз елдіӊ негізгі заӊыныӊ аясында іске асты. Осы жылдарды елдіӊ қорғаныс қабілетін нығайту және кәсіби армияны күшейтубасты назарда болды. Бүгінгі күні Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттіӊ сенімді қалқанына айналды", - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысыныӊ Тәрбие және әлеуметттік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов құттықтау сөзінде атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Ақтау гарнизоныныӊ әскери қызметшілері Конституцияда бекітілгендей ел тыныштығы мен ұлттық қауіпсіздікті қорғауға әрқашан дайын", - деді 25744 әскери бөлімініӊ командирі подполковник Ерболат Толықбаев.

Мерейтойы күні қарсаӊында бірнеше әскери қызметшілерге мақтау грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Атап айтсақ:

25744 әскери бөлімініӊ инженерлік қызмет бастығы гвардия капитаны Мәулет Тұяқбаев "Үздік отбасы" аталымын иеленді. Осы бөлімніӊ 2-ші танк ротасыныӊ 1-ші взвод командирі гвардия капитаны Ақынбекұлы Бақберсін "Үздік рота командирі" аталымыненшіледі. 2-ші танк ротасыныӊ 1-ші взвод командирі гвардия аға лейтенанты Жандос Темірбеков "Үздік взвод командирі" атанды. Аталған бөлімніӊ танк батальоны сержанты, гвардияныӊ 3-сыныпты сержанты Асхат Мусин "Үздік батальон сержанты" аталымын, ал 1-ші жаяу әскерлер ротасыныӊ сержанты, гвардия сержанты Қайрат Есмұқанов"Үздік рота сержанты",сондай-ақ 2-ші теӊіз жаяу батальоны отпен қолдау ротасыныӊ взвод сержанты, гвардия сержанты Ибдімәлік Ишірбеков "Үздік взвод сержанты" атанды.

Естеріӊізге сала кетсек, ҚР Қарулы Күштердіӊ қолдауымен өтетін"Ата заӊға адалмыз" атты патриоттық акциясы осы аптада Қарағанды қаласында да басталады. Ақтаудан кейін акция Шымкентте (18 тамыз) өтеді және соӊы Өскемен (24 тамыз) қаласында аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны