23.04.2015, 18:20 3815

Атырау қ. екі тұрғыны заӊсыз 20 кг астам бекіре тұқымдас балығын аулаған

"Бекіре - 2015" балық қорғау акциясы аясында ҚР АШМ Атырау облыстық орман және аӊшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлері Атырау қ. "Зарослый" каналында "Казанка" қайығын басқарған екі қала тұрғыны тоқтатылды

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - "Бекіре - 2015" балық қорғау акциясы аясында ҚР АШМ Атырау облыстық орман және аӊшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлері Атырау қ. "Зарослый" каналында "Казанка" қайығын басқарған екі қала тұрғыны тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қайықты тексерген кезде салмағы 20 кг асатын бекіре тұқымдас балық түрлері табылды.

Осы факті бойынша материалдар құқық қорғау органына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны