14.09.2006, 19:05 3200

Атырау қаласының іргесінде құрт ауруы өршіп тұр - мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау қызметі

АТЫРАУ. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Атырау қаласының іргесіндегі елдімекендерде құрт ауруы өршіп тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Атырау облысында құрт ауруына қатысты күрделі эпидемилогиялық ахуал қалыптасып отыр. 8 айда қала аумағында құрт ауруымен алғаш рет ауырған 375 адам, соның ішінде 21 бала тіркелді",- деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне қалалық мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау қызметі.

Исіресе Геолог, Дамбы және Балықшы округтерінде құрт ауруы белең алған.

Дерттен айыға бастаған кедей отбасылардың балалары қайта ауыратындығы жағдайды қиындатып отыр. "Биылғы жылдың 8 айында 228 адам аурудың созылмалы түрімен, 56адам рецидивпен тіркеуде тұр",- деді ақпарат көзі.

Биыл Атрыау тұрғындарының 91,2 проценті флюрографиялық тексеруден өтті. "Алайда қала тұрғындарын жаппай тексеруге қамту мүмкін емес. Көші-қон деңгейінің жоғарылығы халықты толыққанды санаққа қамтуға мүмкіндік бермеу салдарынан тұрақты тұрғылықты жерлері жоқ және бірнеше жылдан бері флюрографиялық тексеруден өтпеген адамдар анықталуда",- дейді мамандар.

Облыста науқастармен байланыстағы мектепжасына дейінгі балалардың арнаулы мекемелері жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны