30.04.2010, 14:04 17711

Атырау мұнай өңдеу зауыты экологияға зиян келтіргені үшін 173 млн теңге төледі

Атырау мұнай өңдеу зауыты экологияға зиян келтіргені үшін 173 млн теңге төледі

Атырау. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Атырау мұнай өңдеу зауыты экологияға зиян келтіргені үшін мемлекеттік кіріске 173 млн теңге төледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі Жалғас Кейкешевке сілтеме жасап.

Ж. Кейкешевтің хабарлауынша, "Атырау облыстық табиғат қорғау прокуратурасының тексерулері барысында анықталғандай, 2008 жылдың аяғында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қоршаған ортаны нормативтен тысқары ластаған және қоршаған ортаға тастаған эмиссиясы үшін төлем жасамаған. Экологиялық талаптарды бұзу деректері бойынша облыстық табиғат қорғау прокуратурасы тиісті шара қолдану үшін Жайық-Каспий экологиялық департаментіне таныстыру енгізді".

Ж. Кейкешев бұған қоса өткен жылдың наурыз айында Атырау мұнай өңдеу зауытына 115 261 101 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, ол сол жылдың 13 наурызында төленгенін еске салды. Бұған қоса "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-іне қоршаған ортаға келтірілген 172 954 072 теңгенің шығынын өтеу талап етілді, оны ЖШС заңды деп мойындамады.

"Алайда, экономикалық соттың 2010 жылдың 10 қаңтарындағы шешімімен және облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сатыларының шешіміне сәйкес экологиялық департаменттің шағым талаптары толық қанағаттандырылды", -деді прокурор көмекшісі.

Оның нақтылауынша, "прокурорлық қадағалау нәтижесінде соттың шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС шығынды өтеп, кейін мемлекеттік кіріске осы жылдың сәуір айында 172 954 072 теңге аударылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны