24.02.2012, 12:59 3285

Атырау облысының әкімі тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді

Кеше Атырауда облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті. Онда облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары шығарылды және Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың аясындағы 2012 жылдың міндеттері анықталды.

Атырау. 24-ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысының әкімі тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, кеше Атырауда облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті. Онда облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары шығарылды және Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың аясындағы 2012 жылдың міндеттері анықталды.

Өз баяндамасында Бергей Рысқалиев 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы, ағымдағы жылға жоспарланып отырған жобалар мен аймақ халқының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған жаңа жоспарлар туралы айтты.

Атырау облысының жалпы өңірлік өнімі 2011 жылы 3 трл. 110 млрд. теңге сомаға жетті, бұл республикалық ЖІӨ көрсеткішінің 13 пайызын құрайды (көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты). Жан басына шаққанда табыс 39 мың АҚШ долларын құрады (2007 жылмен салыстырғанда 2 еседен астамға өсті) және облыс бұл көрсеткіш бойынша республикада бірінші орын алып отыр.

5 жылда өнеркәсіптік өнімнің көлемі 3 есеге өсіп, 2011 жылы 4 трлн. 243 млрд. теңгені құрады. Облыста 30,2 млн. тонна мұнай және 13,6 текшеметр ілеспе газ өндірілді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 55 және 92 пайызға жоғары. Облыс экономикасына 1 трлн. 61 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2011 жылы мемлекеттік бюджетке және Ұлттық қорға 2 трлн. теңге салық және басқа төлемдер аударылды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 51 пайызға жоғары. Және аталған сома республикалық бюджеттің 40 пайызын құрайды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы 11 индустриялық жоба іске қосылды.

"Біздің мақсатымыз - жаңа жұмыс орындарын ашу, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді жалғастыру, білікті мамандар даярлау, жалпы алғанда, халықтың өмірі мен әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды қолға алу", - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев.

Құрылыс индустриясында 6 жаңа өндіріс ашылды, 300 жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы 10 млр. теңге соманың 6 жаңа өндірісін іске қосу және 1100 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бірінші кезектегі міндет - "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын іске асыру. 2011 жылы 6 мыңдай адам кәсіптік оқуға және қайта мамандандыруға жолданды, 798 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызылды.

Алдағы уақытта Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауын жүзеге асыру аясында аймақта адам капиталының артуын қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық жобаларды жүзеге асыру мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша қажетті шаралар қолға алынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны