12.02.2010, 16:16 3319

Атырау облыстық балық қорғау қызметінің қызметкерлері бекіре тұқымдас балық түрлерінің жойылуына түрткі болуда - әкімнің орынбасары

Атырау облыстық балық қорғау қызметінің қызметкерлері бекіре тұқымдас балық түрлерінің жойылуына түрткі болуда - әкімнің орынбасары

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облыстық балық қорғау қызметінің қызметкерлері бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға берілетін лимитті ұлғайту арқылы олардың жойылуына түрткі болуда. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Болат Дәукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз "Нұр Отан" ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің комиссиясының қорытындысына толық қосыламыз. Балық қорғау қызметінің мамандарының сыбайлас жемқорлық әрекеттері арқылы табиғи ресурстарға айтарлықтай шығын келтірілді деген қорытынды дұрыс", - деді Б. Дәукенов.

"Бекіре тұқымдас балық түрлері жойылуға жақын. Ал балық қорғау қызметі осы уақытта не істеп отыр? Балық қорғау саласындағы өздерінің тікелей міндетін атқарудың орнына мүлдем керісінше әрекет етіп, бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға берілетін лимитті ұлғайту арқылы олардың жойылуына түрткі болуда ", - деді ол.

Оның айтуынша, "әкімдік аса бағалы балық түрлерінің жаппай жойылуына қарсы тұра алмай отыр".

"Біз қоғамдық кеңестің назарын осы жайтқа аударуды сұраймыз, облыстық әкімдік бұл бағытта қолдау көрсетуге дайын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны