29.04.2008, 16:23 3195

Атырау жоғары оқу орындарының 10 түлегі ауылдарға барып жұмыс істейді

Атырау жоғары оқу орындарының 10 түлегі ауылдарға барып жұмыс істейді

Атырау. 29 сәуір."Қазақстан Бүгін" - Атырау жоғары оқу орындарың 10 түлегі ауылдарға барып жұмыс істейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінде қызметорындарның жәрмеңкесі өткізіліп , онда аудандық білім беру бөлімдерінің өкілдері жас мамандарды жұмысқа шақырды. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 10 түлек ауыл мектептерінде жұмыс істеуге ниет танытты.

Соңғы жылдары облыстық білім беру мекемелерінде мамандар тапшылығы қатты сезілуде. Ауылдық мектептерге 400 ұстаз жетіспей отыр. Мектептер техникалық жағынан жарақталса да ұстаздардың жетіспеушілігінен оқушылар химия, математика, шет тілдері бойынша жақсы білім ала алмай отыр.

Биылғы жылдың наурыз айында облыс әкімдігі, облыстық білім беру департаменті мен аудандық әкімдіктер арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Бұл құжат бойынша аудандық әкімдіктер ауылға келетін жоғарғы оқу орындарының түлектерін жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ететін болады. Егер келген мұғалім бес жылдан аса уақыт жұмыс істейтін болса, онда ол тұрып жатқан баспананы жекешелендіру құқығына ие болады. От басын құрған ұстаздар пәтерден басқа малмен де қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны