10.02.2016, 18:58 2858

Атырауда экс-әкім Рысқалиевтіӊ сыбайласы 15 жылға сотталды

Атырауда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта "Строй Контакт Групп" ЖШС-ніӊ бұрынғы директоры Олег Павличенкоға қатысты үкім шықты. Ол 15 жыл қатаӊ тәртіптегі түрмеде жазасын өтемек

Атырау. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Атырауда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта "Строй Контакт Групп" ЖШС-ніӊ бұрынғы директоры Олег Павличенкоға қатысты үкім шықты. Ол 15 жыл қатаӊ тәртіптегі түрмеде жазасын өтемек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сотта "Строй Контакт Групп" ЖШС басшысы болған кезінде О.Павличенко Атырау облысы Қызылқоға және Құрманғазы аудандарындағы елді-мекендерге газ тартуға арналған бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Мемлекетке 14 млрд 994 млн теӊге көлемінде залал келтірілді. Ақша бағалары көтеріӊкі жалған жобалық сметалық құжатты дайындау арқылы ұрланды. Сонымен қатар, жалған фирмалармен шарттар жасалды, қызмет көрсету құны жоғары болған. Сот үкімімен О.Павличенко ҚР ҚК 235-бабы 3 бөлімі, 176-бабы 4 бөлімі бойынша айыпты деп танылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаӊ тәртіптегі түрмеде өтейді. Мүлкі тәркіленді", - деп хабарлады облыстық соттыӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұрын хабарланғандай, кәсіпкер О.Павличенко облыстыӊ экс-әкімі Бергей Рысқалиевпен байланыста болған, оған халықаралық іздеу жарияланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны