14.09.2009, 16:07 2836

Атырауда көпір құлаған кезде хабар-ошарсыз кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары тоқтатылды - ҚР ТЖМ

Атырауда көпір құлаған кезде хабар-ошарсыз кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары тоқтатылды - ҚР ТЖМ

Атырау. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырауда 13 қыркүйек күні кешке көпір құлаған кезде хабар-ошарсыз кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Виктор Петров журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жексенбі күні кешке тәулік бойы жүргізілген іздестіру жұмыстары аяқталды. Хабар-ошарсыз кеткендер санатындағы үш адамның мәйіті бүгінгі күнге дейін табылмай отыр. Өзеннің айдынын түгел сүзіп шықтық", - деді В. Петров.

"Адамдар құлаған бөлшектердің астында қалған-ау деген жорамал бар. Мамандар қазір салмағы 980 тонналық конструкцияны көтеру үшін техникалық мәселелерді шешіп жатыр. Бұл - су астында жүзеге асырылатын күрделі жұмыс. Қаза тапқандардың жатқан жеріне жету үшін өзеннің түбі мен құлаған көпір бөлігінің арасына жету қажет", - деді В. Петров.

"Транстроймост" өкілінің айтуынша, қаза тапқан бес адамның мәйіттері Қызылорда және Алматы облыстарына жіберілді. Қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы төлем ретінде 100 мың теңгеден көмек берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны