23.01.2015, 14:34 4236

Атырауда мектеп оқушылары мен мұғалімніӊ улану себебі белгілі болды

Атырауда қала маӊындағы Жұмыскер кентіндегі И.Тайманов атындағы мектепте оқушылар мен мұғалімніӊ улану себебі газ баллонын бүркуі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі

Атырау. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Атырауда қала маӊындағы Жұмыскер кентіндегі И.Тайманов атындағы мектепте оқушылар мен мұғалімніӊ улану себебі газ баллонын бүркуі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оқушылардыӊ бірініӊ мектептіӊ 1-қабатындағы киімілгіш бөлмесіне газ баллонынан бүркуі салдарынан жоғарғы сыныптардыӊ 21 оқушысы мен мектептіӊ бір қызметкері аэрозольдық газға улану белгісімен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетілді, соныӊ арқасында аталған мектептіӊ бірде-бір оқушысы және қызметкері жансақтау бөліміне түскен жоқ. 22 қаӊтардағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 18 оқушы ауруханадан шығарылды. Үш оқушы әртүрлі шамалы шағыммен дәрігерлердіӊ қарауында қалдырылды", - деп хабарлады облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылардыӊ бірі бұзақылықпен емес, әуестікпен газ баллонын бүріккенін мойнына алды", деп хабарлады Атырау қаласы білім бөлімініӊ жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова.

Атырау облысыныӊ әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов зардап шеккендердіӊ хал-жағдайын біліп, жауапты органдарға өӊір оқушыларыныӊ арасында мұндай оқиғаға жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, күндізгі сағат бірдіӊ шамасында Атырау қаласы маӊындағы Жұмыскер кентіндегі И.Тайманов атындағы мектептіӊ 21 оқушысы мен бір қызметкері аэрозоль газына улануы белгілерімен ауруханаға түскен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны