06.04.2007, 16:00 3791

Атырауда жергілікті ЖШС директорынан бекіре тұқымдас балық пен итбалық етінің ірі партиясы тәркіленді

АТЫРАУ. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Атырауда жергілікті ЖШС директорынан бекіре тұқымдас балық пен итбалық етінің ірі партиясы тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Атырау облысының Ішкі істер департаментінің балық қорына қол сұғушылық қылмыстарымен күрес бөлімінің бастығы Мереке Исмуратов хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Атырау қаласының сыртында полиция қызметкерлері "ВАЗ-21099" көлігін құрықтаған. Көліктің жүк салғышынан бекіре тұқымдас балық пен итбалық етінің ірі партиясы табылған. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сәйкес, жүк көлік жолаушысы - жергілікті ЖШС-тің директорына тиесілі, бірақ ұсталған азамат браконьерлік деректі жоққа шығарып бағуда. "Ұсталған жүргізуші мен жолаушы бекіре тұқымдас 15 балық пен екі ақсеркені және де бір итбалықты өздерінің Орал жағалауындағы қайықтан сатын алғандықтарына сендіріп бағуда. Олар балық пен итбалықтың етін 93-ші маркалы 300 литр бензинге айырбастап алған",- деп түсіндірді М. Исмуратов.

Қазіргі уақытта мемлекетке келген шығын есептелуде. "Келген шығын көлемінің айтарлықтай жоғары болатындығын тек бір басы 200 мың теңгеге бағаланатын бір итбалық етінің құны-ақ айтып тұр",- деп атап өтті бөлім бастығы. Ол сондай-ақ, тоқтатылған көлікте балық аулауға қажетті заттардың болмағандығын, бірақ жедел қызметкерлер ұсталғандардың браконьерлікке қатысының бар-жоғын анықтау үстінде екендігін хабарлады. "Изірге Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 183-бабы "Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату" бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді М. Исмуратов.

Ол, сондай-ақ Атырау облысының полиция қызметкерлері жыл сайын "Бекіре" атты жедел - алдын-алу іс-шарасын жүргізіп тұрады. "Бекіре - 2007" іс-шарасы 10-сәуірде басталып, маусымның біріне дейін созылмақ.

"Балықтар уылдырық шашатын кезеңде Каспий теңізі мен Оралды күзетуге байланысты жедел іс-шараларға Атырау полициясының қызметкерлерімен қатар елдің түкпір-түкпірінен келген 60 офицер мен ішкі әскердің 100 әскери қызметкері жұмылдырылып, 11 блокпост қойылады",- деп хабарлады бөлім бастығы. Оның ақпараттарына сүйенсек, "Бекіре - 2007" іс-шарасына барлығы 500 адам қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны