29.09.2015, 17:56 4392

Атышулы той кортежіне қатысты видеодан кейін ИПК төрағасыныӊ орынбасары Балташев қызметінен кетті

Икімшілік полиция комитеті төрағасыныӊ орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Балташев ішкі істер министрініӊ бұйрығымен қызметінен босатылды

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Икімшілік полиция комитеті төрағасыныӊ орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Балташев ішкі істер министрініӊ бұйрығымен қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Астана қаласында той шеруіне қатысушылар жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Аталған факт бойынша жалға алынған автокөлік жүргізушілері мен той иесініӊ таныстары айыпты деп танылып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл Икімшілік полиция комитеті төрағасыныӊ орынбасары Балташевтіӊ ұлыныӊ тойында орын алған оқиға екені расталды.

Осы жағдайға байланысты полиция полковнигі Балташев Бақытжан Балғабекұлы өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны