14.07.2020, 10:17 3370

Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпиджағдайды тұрақтандыру үшін аймаққа медицина қызметкерлері барады

"Азаматтардың Атырау облысындағы жағдайға қатысты өтінішімен таныстым. Аймаққа Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия барды. Үкімет облысқа медицина қызметкерлерін жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіледі", - деп жазды Тоқаев.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпиджағдайды тұрақтандыру үшін аймаққа медицина қызметкерлері барады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерге вирусолог, дәрігер-инфекционист, реаниматолог, пульмонолог сынды мамандардан тұратын бірнеше топ медицина қызметкерін жібереді, сондай-ақ, ресейлік дәрігерлер де көмектеседі.

Атырау облысына 108 маман барады: Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің басшылығымен Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің 5 маманы, клиникалық кафедралардан 10 ғалым, "Батыс Қазақстан медициналық университеті" КЕАҚ клиникасынан 9 резиден, сондай-ақ, құрамында пульмонолог, реаниматолог және инфекционист бар Ресей Федерациясынан 6 дәрігер барады.

Маңғыстау облысына 56 маман: 42 дәрігер-интерн, Ресейден 9 маман және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінен 5 ғалым жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter аккаунтында Атырау облысы халқының үндеуіне жауап берді.

"Азаматтардың Атырау облысындағы жағдайға қатысты өтінішімен таныстым. Аймаққа Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия барды. Үкімет облысқа медицина қызметкерлерін жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіледі", - деп жазды Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны