08.01.2016, 08:48 4300

Ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақмола және Қарағанды облыстарында ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақмола және Қарағанды облыстарында ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазавтожолдыӊ мәліметінше, Ақмола облысында ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты (ауа температурасыныӊ төмендеуі) барлық бағыт бойынша автокөлік және қоғамдық көлік қозғалыстарына тыйым салынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, көктайғақ салдарынан Қарағанды облысы аумағындағы Балқаш-Сарышаған тас жолыныӊ 502-637 шақырымында ("Алматы - Екатеринбург") барлық көлік түрлеріне тыйым салынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны