16.03.2011, 17:14 3965

Ауа райының қолайсыздығынан "Эйр Астананың" 40 жуық рейсі кешіктірілді

Ауа райының қолайсыздығынан "Эйр Астананың" 40 жуық рейсі кешіктірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16 - наурыз. Kazakhstan Today - Ауа райының қолайсыздығынан "Эйр Астананың" 40 жуық рейсі кешіктірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық Алматы әуежайы сайтының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан Франкфурт рейісі 10 сағатқа жуық уақытқа кешіріліп отыр. Бангкок, Мале, Абу-Даби ұшақтарыда уақытынан кешігіп ұшты.

Сондай-ақ, ішкі әуе рейістеріде кейінге шегерілген.

Қазақстан ұлттық әуетасымалы "Эйр Астана" компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда 16 наурыз күні ауа райының қолайсыздығынан 40 жуық әуерейістерінің кешіктірілуіне тура келген.

"Эйр Астана" осыған байланысты, жолаушыларға әуекомпания сайтының "келу мен кету" туралы мәзірін қарауды, немесе брондау және ақпарат орталығына келіп ұшып келу мен ұшып кету туралы мәліметтер алуларын ұсынады.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы жолаушыларға қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрап және мұндай кешіктірулер тек кленттерге ғана емес, әуекомпанияның өзіне де көптеген қаржылық жағынан шығын келтіретінін айтып отыр", - деп аталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны