10.08.2015, 18:33 3559

"Авиадартсқа" қатысқан қазақстандық ұшқыштарды салтанатты түрде Қазақстанда күтіп алуда

Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ ұшу экипаждары МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8-де құрметті екінші орынды иеленіп, "Авиадартс-2015" байқауына қатысуды сәтті аяқтады.

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ ұшу экипаждары МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8-де құрметті екінші орынды иеленіп, "Авиадартс-2015" байқауына қатысуды сәтті аяқтады. Бүгін "Дубровичи" ресейлік полигонынан тікелей ұшқыштарымыз Ақтөбеге келді, онда оларды салтанатты түрде Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Иуе қорғанысы күштері Искери институтыныӊ курсанттары күтіп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұшқыш болуды және ИИК ірі халықаралық сайыстарында өнер көрсетуді армандап жүрген қазіргі курсанттар үшін бұл кездесудіӊ орны бөлек. Себебі, "Авиадартстан" келген ұшу экипаждарыныӊ құрамында Иуе қорғанысы күштері Искери институтыныӊ түлектері капитан Нұрбек Ибдішүкір, Айдар Гаухаров, Манас Дәулетбаев пен Алексей Кейль. Естеріӊізге сала кетейік, 1 тамызда бірінші халықаралық армия ойындары шеӊберінде Рязань облысыныӊ "Дубровичи" полигонында "Авиадартс" байқауы бастау алды. Мұнда Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытай Искери-әуе күштерініӊ ұшу экипаждары ұшуды басқару және авиациялық техниканы жауынгерлік қолдану шеберлігінде сайысқа түсті. Байқауда Қазақстан төрт ұшу экипажы және 12 ұшу аппаратымен ұсынылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Біздіӊ ұшқыштарымыз үшін "Авиадартсқа" қатысу алғашқы тәжірибе болып табылады. Алайда, оларға байқаудыӊ барлық сынағынан мүдірмей өтуге және ұшу дағдысында ресейлік ұшқыштардан ғана қалыс қалып, Қытай мен Беларусь ИИК үздік өкілдерін озып кетуге кедергі болған жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны