08.07.2019, 09:01 11684

Қазақстан қар барысын сақтау бойынша ғаламдық жүйенің бір бөлшегіне айналды

Ілбіс Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне, сондай-ақ оның мекендеу ареалы орналасқан 12 ел - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген.

Нұр-Сұлтан. 8 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан астанасында қар барысын сақтау мәселелеріне арналған жаһандық конференция аяқталды.Конференция қатысушылары Қазақстанның 50-ден астам халықаралық сарапшыларды, әлемдік қорлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ аумағында осындай сирек кездесетін және бірегей аң мекендейтін барлық 12 елдің қар барысын қорғаумен айналысатын ең беделді ғалымдарыныңбасын қосқанын атап өтті. Форумды Қазақстанда орналасқан Snow Leopard Foundation қар барысын сақтау бойынша жеке халықаралық қорыұйымдастырды.

Конференция барысында қар барысын сақтау бойынша кең ауқымды практикалық міндеттемелер талқыланды. Елдердің өкілдері өз өңірлеріндегі қар барысының популяциясын сақтау тәжірибесімен және әдістемелерімен бөлісті. Конференция аясында қар барысын сақтау мақсатында мемлекеттердің трансшекаралық ынтымақтастығы туралы Меморандумның таныстырылымы және ғылыми мақұлдануы өтті. Конференцияға қатысушылар қар барысы бойынша бүкіл әлемдік ғылыми және статистикалық базаны біріктіретін бірыңғай ақпараттық орталық құру туралы уағдаласты, бұл Орталық Қазақстанда құрылатын болады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы конференция барысында ілбістің бірыңғай халықаралық гендік зертханасын құру туралы келісімге де қол жеткізілді.

- Мен қар барысы мекендейтін 12 елдің барлығы біздің бастамамызды қолдағанына қуаныштымын. Әрбір ел біз ұшырасып отырған проблемаларға тұрақты жауап табуға ұмтылады. Дегенмен, қар барысын сақтау міндетін жалғыз шешуәлдеқайда үлкен іс. Сондықтан ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл рухы біздің күш-жігеріміздің негізі болуы тиіс. Біз тек қар барысының таралымын қалпына келтіріп қана қоймай, оны көбейте аламыз деп есептеймін. Біздің қор мақсаттарымызға қол жеткізуге көмектесетін кез келген бастамалар мен бағдарламаларды қолдауға дайын, соның ішінде жаңа және өршіл тәсілдерді сыннан өткізу үшін халықаралық алаң құру, - деп атап өтті Snow Leopard Foundation қорының құрылтайшысы Нұрәлі Әлиев.

Халықаралық конференция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өтті.

- Қар барысы біздің еліміздің мемлекеттік рәміздерінің бірі, ол біздің халқымыздың баға жетпес табиғи жәнемәдени мұраларын айшықтайды жәнеүлкен қоғамдық маңызға ие, - деп атап өтті Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевконференцияда.ҚР БҒМ Зоология институтымен бірлесіп Kingdom of Snow Leopard жобасын жүзеге асыруға кіріскен Snow Leopard Foundation жеке халықаралық қорының ерекше жұмысын атап өткім келеді. Жобаның мақсаты еркінсіздікте өсіру жолымен табиғи жағдайларға бейімделту және кейіннен табиғи мекендеу орындарына реинтродукциялау арқылы Қазақстанда қар барысының қысқарып жатқан популяцияларын сақтау және жоғалғанды қалпына келтіру болып табылады.

Конференция аясында Snow Leopard Foundation қоры мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес, БҰҰДБ мен Snow Leopard Foundation арасында қар барысының генетикалық деректерінің зерттеу лабараториясын құру, барыстың популяциялық топтарының мониторингін күшейту, қар барысы туралы бірыңғай деректер базасын құру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілетін болады. Деректер үнемі және жүйелі түрде бірыңғай дерекқорға тоғысу үшін елдегі барлық фототұзақтардан бейне және фотосуреттерді жинау және талдау жөніндегі жұмыс алда күтіп тұр.

"Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында қар барысының популяциясын сақтау саласындағы бірлескен қызмет туралы Келісімге қол қою қажет деп санаймыз", - деді Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау саласындағыБҰҰДБ жобаларының менеджері Талғат Кертешев. "Қазақстанда биоалуантүрліліктісақтау саласындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының жобасы елдегі қар барысының мониторингі бойынша жүйелі жұмысты бастады, 300-ден астам фототұзақтар осы мақсатта сатып алынды. БҰҰДБ-ның Snow Leopard Foundation қорымен ынтымақтастығы Қазақстандағы қар барысы популяциясын сақтауға құнды үлес қосады", - деді БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Халықаралық сарапшылар Snow Leopard Foundation қоры қызметінің бірінші жылының нәтижелерін жоғары бағалады. Атап айтқанда, ҚР БҒМ Зоология институтының ғалымдары Snow Leopard Foundation қорының қаржылық және техникалық қолдауының арқасында Алматы қаласы маңында қар барысының потенциалды мекендейтін жерлерін тексерді. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша алғаш рет жануарлардың саны, жас және жыныстық құрамы, көбеюі және өлім-жітімі бойынша бірегей деректер алынды. Сонымен қатар, популяцияның тығыздығы сияқты маңызды экологиялық көрсеткіш деректері алынды.Ерекше қорғауды қажет ететін қар барысының маусымдық шоғырлану учаскелері анықталды. Конференция қатысушылары сондай-ақ Алматыда бірыңғай халықаралық ақпараттық орталық құру жобасын талқылады, оның міндеттеріне жергілікті тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қар барысының мекендейтін барлық аумағында тұратын жануарлар туралы толық ақпаратты қамтитын бірыңғай деректер базасын құру кіреді.

Snow Leopard Foundation қорының Kingdom of Snow Leopard бірегей бағдарламасы аясында Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағында ауданы 500 гектардан астам қар барысын бейімдеу және реабилитациялау орталығының құрылысы жоспарлануда.

ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының бас директоры, ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық комитетінің төрағасыРоман Ященко атап өткендей, қар барысының мекендеу ортасына кіретін аумақтағы жергілікті тұрғындар мен қар барысының арасында үйлесімді өзара қарым-қатынас жасау қажет.

- Табиғи экожүйелерді қалпына келтіру ерекше назар аударуға тұрарлық, - деп атап өтті Роман Ященко.- Қазақстанда барысты сақтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралардың негізінен қазақстандық Зоология институты ғалымдарыныңкөпжылғы тәжірибесі көрінеді.Snow Leopard Foundation мен қазақстандық Зоология институты арасында жасалған меморандум ғылыми-практикалық зерттеулерді сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді, ал олардың нәтижелері Қазақстанда қар барысының популяциясын сақтау және ұлғайту бойынша тәжірибені қалыптастыруға негіз болады, сондай-ақ аумағы қар барысының мекендейтін ареалын қамтитын елдер үшін пайдалы болуы мүмкін.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Непал, Бутан және Ресей өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Даму Бағдарламасының (UNDP), Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), Snow Leopard Trust қорының, қар барысын және оның экожүйесін сақтау жөніндегі Жаһандық Бағдарлама Хатшылығының (GSLEP), Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты. Ұйымдастырушылардың жоспарында - қар барысын қорғау жөніндегі конференцияны Қазақстанда тұрақты оқиға ретінде орнықтыру.

- Біздің конференция нәтижелеріне көңіліміз толды, оны жыл сайын өткізуге дайынбыз, - деп мәлімдеді Snow Leopard Foundation қорының басшысы Ержан Еркінбаев. - Қазақстандағы барыстардың саны 130-150 бас. Барлығы 150 бірегей жануар, оларды қорғап, қамқорлық таныту қажет. Менің ойымша, олардың әрқайсысын сақтауға болады! Біз ғаламдық жоспарларымыздың іске асатынына сенімдіміз және Қазақстанның әлемдегі қар барысы популяциясын сақтау бойынша қозғалыстың көшбасшысы болғанын қалаймыз.

Анықтама: Қар барысы, немесе ілбіс (Panthera uncia) - біздің еліміздегі мысық тұқымдастарының ең ірі өкілі. Ілбіс Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне, сондай-ақ оның мекендеу ареалы орналасқан 12 ел - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны