15.03.2026, 15:57 876

Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр - Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілі

Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр - Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілі
Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман "Референдум - 2026" онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық", - деді спикер.


Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.

Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде "Құрылтай" деп аталуда. "Вице-президент" деген лауазым енгізіледі. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық", - деді О. Кодджаман.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны