13.01.2021, 22:30 13956

Қазақстан коронавирус бойынша "сары" аймаққа көшті

Нұр-Сұлтан. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте соңғы айда нашарлаған елдегі коронавирустық инфекцияның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Елімізде соңғы айда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. Қазақстан тәуекелі төмен жасыл аймақтан орташа қауіпті сары аймаққа ауысты. Қостанай және Ақмола облыстары қызыл аймақта. Қазір тәуекелі орташа аймақта немесе сары аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары тұр. Сондай-ақ, соңғы айда Батыс Қазақстан облысы жасыл аймақтан сары аймаққа көшірілді. Қалған өңірлер жасыл аймақта", - деді Е. Қиясов. 

 
Оның айтуынша, соңғы айда сырқаттанушылықтың Атырау облысында айтарлықтай өсуі байқалады, онда сырқаттанушылық 3,7 есеге, Алматы облысында 1,8 есеге, Қарағанды облысында және Алматы қаласында 1,5 есеге, Маңғыстау облысында 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өскені байқалады.
 

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шараларды күшейту бойынша шаралар қабылдау қарастырылуда", - деп атап өтті денсаулық сақтау вице-министрі.

 
Елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдары. Осыған байланысты Е.Қиясов халықты: қонаққа бармауға және қонақ шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырды. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, кәсіпкерлік субъектілері белгіленген талаптарды орындауы керек.
 
Сонымен қатар, Қиясов коронавирустық инфекцияның жаңа "британдық" штаммы туралы айтты.
 

Аталған вирус алдын ала деректер бойынша, вирустың басқа түрлеріне қарағанда халықтың жас топтары арасында белсенді таралуда. Бірақ оны зерделеу жалғасуда. Қазақстанда вирустың бұл типі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оның елімізге тасымалдау қаупін жоққа шығаруға болмайды", - деп түсіндірді спикер.

 
Алғаш рет Ұлыбританияда анықталған мутацияланған вирус түрі бірнеше елде, оның ішінде Австралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланд, Ресей және басқа да елдерде анықталды. 
 
Қазақстанда 13 қаңтардағы жағдай бойынша 164 477 науқастан COVID-19 және 46 499 пациенттен КВИ- анықталды. Науқастардың 87% сауығып шықты, оның ішінде 150 427 науқас КВИ+ және 34 118 науқас КВИ- шалдыққан. Биыл 13 қаңтардағы жағдай бойынша 5 732 төсек-орында науқас бар. Реанимациялық төсек-орындарда - 357 адам.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны