02.11.2021, 19:46 42825

Қазақстан Үндістанмен тұрақты рейстерді қайта ашады

2021 жылғы 15 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚАРАША - Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат етілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 15 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр", - деп хабарлайды ҚР Азаматтық авиация комитеті.

 
Рейстер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны