24.03.2019, 20:39 7930

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судья кадрларының жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы ресми түрде ұсынады

Ұлттық баяндамада Қазақстан соттарының қызметін ұйымдастырушылық-кадрлық қамтамасыз етудің дерлік барлық аспектілері қамтылған. Бұл ретте судья кадрларын іріктеу және жылжыту жүйесінің және Жоғары Сот Кеңесі жұмысының проблемалық мәселелері мен одан әрі дамыту перспективалары аталады.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы ресми түрде ұсынады.

Жұртшылыққа алғашқы рет Қазақстан судьялары корпусының сандық және сапалық құрамы туралы жүйеленген және барынша толық ақпарат, оның ішінде қажетті статистикалық деректер ұсынылады.

Құжатта елдің судьялар корпусының жай-күйіне кешенді сипаттама беріледі, судья кадрларының жай-күйіне егжей-тегжей талдау жүргізіліп, баға берілді, кандидаттарды іріктеудің жаңғыртылған жүйесі, өткен жылы енгізілген жаңа жүйе бойынша судьяларды іріктеу нәтижелері көрсетіледі.

Ұлттық баяндамада Қазақстан соттарының қызметін ұйымдастырушылық-кадрлық қамтамасыз етудің дерлік барлық аспектілері қамтылған. Бұл ретте судья кадрларын іріктеу және жылжыту жүйесінің және Жоғары Сот Кеңесі жұмысының проблемалық мәселелері мен одан әрі дамыту перспективалары аталады.

Ұлттық баяндаманы дайындау кезінде Қазақстанның судьялары және жалпы заңгерлер қаумдастығы үшін қызықты және пайдалы болуы мүмкін шетелдік және халықаралық тәжірибе ескерілді. Атап айтқанда, осындай құжатты жыл сайын Францияның Магистратура Жоғары Кеңесі шығарады.

Ұлттық баяндаманың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында танысуға болады.

http://vss.gov.kz/sites/default/files/nacdoklad_kaz.pdf

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны