18.01.2021, 14:50 7634

Қазақстанда 18 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 17 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 169 099 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 169 099. Аймақтар бойынша:
 
Алматы қаласында - 20 444 (+97); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 20 020 (+125); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 548 (+28); 
 
Атырау облысында - 14 952 (+71); 
 
Қарағанды облысында – 12 782 (+62); 
 
Павлодар облысында - 10 573 (+155); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 9935 (+47); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 9562 (+55); 
 
Қостанай облысында - 8671 (+74); 
 
Ақмола облысында - 8341 (+99); 
 
Алматы облысында - 8192 (+94); 
 
Шымкент қаласында - 5726 (+19); 
 
Жамбыл облысында - 5271 (+24); 
 
Маңғыстау облысында - 3886 (+17); 
 
Түркістан облысында - 3889 (+10); 
 
Ақтөбе облысында - 3819 (+21); 
 
Қызылорда облысында - 3488 (+5).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 468 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 153 503, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
18 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 24 875 адам (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 570 науқас стационарларда, ал 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 294 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 60 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 40 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 18 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 416 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 8 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 16 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46 848, 540 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 613 жетті. 
 
Павлодар облысында демалыс күндері локдаун енгізілетіні белгілі болды.
 
Жаңа қаулыға сәйкес, сенбі-жексенбі күндері адам көп қатынайтын орындар жұмыс істемейді. КВИ-ге шалдыққан науқастардың санының артуына байланысты облыс қызыл аймаққа енді. 
 
Демалыс күндері сауда орындары, азық – түлік емес тауарларды сататын дүкендер, спорт нысандары, фитнес орталықтары, жаттығу залдары жұмыс істемейді. Сондай-ақ, бассейн, монша, сауна және бизнес орталықтар да келушілерді қабылдай алмайды. Мекеме қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимге көшеді.
 
Pavlodarnews ақпараты бойынша, вирустың бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Түскі уақыттарда аялдамадағы автобус саны ұлғайтылады. 
 
Сонымен қатар, тамақтану орындарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді. Дәмхана иелері келушілерді күндізгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін қабылдай алады. Жеткізу қызметі кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс істемек. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны