18.01.2021, 16:18 14939

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7%-ға артады.
Нұр-Сұлтан. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушылар пойыздарына билеттер 7% - ға қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% - ға артады", - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

 
 "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған. Аталмыш вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар: Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей.
 
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны