21.01.2021, 15:03 11445

Қазақстанда 21 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 20 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 172 412 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 180 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 172 412. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында - 20 750 (+115); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 20 579 (+237); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 19 669 (+31); 
 
Атырау облысында - 15 186 (+82); 
 
Қарағанды облысында – 12 991 (+71); 
 
Павлодар облысында - 11 014 (+140); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 10 085 (+55); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 9787 (+78); 
 
Қостанай облысында - 8878 (+67); 
 
Ақмола облысында - 8690 (+132); 
 
Алматы облысында - 8459 (+82); 
 
Шымкент қаласында - 5757 (+14); 
 
Жамбыл облысында - 5342 (+25); 
 
Түркістан облысында - 3946 (+18); 
 
Маңғыстау облысында - 3922 (+17); 
 
Ақтөбе облысында - 3851 (+10); 
 
Қызылорда облысында - 3506 (+6).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 124 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 156 521, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
21 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 25 088 адам (13 445 КВИ+ және 11 643 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 737 науқас стационарларда, ал 18 351 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 298 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 57 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 41 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 21 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 446 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 15 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 19 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 131 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 120 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47 115, 547 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 925 жетті. 
 
Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы қаулысымен "Алматы облыстық соты" РММ ғимаратында және аумағында 2021 жылғы 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантиндік шаралар енгізілді. Соттың жұмысы толығымен тоқтатылды, қашықтан жұмыс режиміне толық ауыстырылды.
 
СЭС қызметкерлерінен басқа барлық адамдарға сот ғимаратына баруға қатаң тыйым салынады. 
 
Осы кезеңге қарауға тағайындалған істер кеш мерзімге кейінге қалдырылатын болады, олардың күні мен уақыты туралы қатысушылар қосымша хабарланатын болады. 
 
ҚІЖК-нің 107-бабының тәртібімен келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайтын болады.
 
2021 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Алматы облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны