29.01.2021, 16:34 11634

Қазақстанда 29 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 28 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 183 999 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 469 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 183 999. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 21 972 (+124), 
 
Алматы қаласында - 21 807 (+122), 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 20 013 (+41), 
 
Атырау облысында - 15 936 (+94), 
 
Қарағанды облысында - 13 624 (+80), 
 
Павлодар облысында – 12 845 (+296), 
 
Батыс Қазақстан облысында - 10 782 (+104), 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 10 658 (+109), 
 
Ақмола облысында - 10 361 (+206), 
 
Қостанай облысында - 10 009 (+137), 
 
Алматы облысында - 9072 (+75), 
 
Шымкент қаласында - 5835 (+9), 
 
Жамбыл облысында - 5516 (+22), 
 
Түркістан облысында - 4046 (+10), 
 
Маңғыстау облысында - 4014 (+16), 
 
Ақтөбе облысында - 3926 (+12), 
 
Қызылорда облысында - 3583 (+12).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 276 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 165 595, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
29 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 27 520 адам (15 877 КВИ+ және 11 643 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 571 науқас стационарларда, ал 20 949 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 268 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 54 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 42 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 29 қаңтар аралығында коронавирустан жалпы 2 527 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 6 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 27 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 59 жағдайы тіркелді. Оған қоса 74 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47 717, 564 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 510 жетті. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны