24.08.2022, 16:31 22891

Қазақстанда 600-ден астам емхана салу қажет

МСАК нысандарының құрылысына қажеттілік анықталды.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ауыл мен қаланың денсаулық сақтау саласындағы алшақтықты қысқартуды көздейтін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасын әзірлеу талқыланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев хабарлағандай, жоба аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жетіспейтін жерлерде медпункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылдық елді мекендер медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге МСАК нысандарының құрылысына қажеттілікті анықтады. Қазіргі таңда ел көлемінде 655 МСАК объектісіне зәрулік бар, оның 228-і жаңадан салынады, 427-сі қазіргі объектілердің орнына салынады.
 
Сондай-ақ 20-сын жаңадан пайдалануға беру және бұрыннан бар 12-сін жаңғырту арқылы 32 көпбейінді орталық аудандық аурухана ұйымдастырылады.
 

Көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыру аясында инсульт және кардиологиялық орталық, медициналық оңалту, травмотология, хирургия, жансақтау және қарқынды терапия, триаж жүйесі бар қабылдау бөлімін ашу, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықтау қарастырылған", – деп атап өтті Ж.Бүркітбаев.

 
Бұған дейін Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандардың дерекқоры қалыптастырылғаны хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны