26.10.2022, 12:50 22856

Қазақстанда 900-ге жуық адам COVID-19-дан ем алуды жалғастыруда

Өткен тәулікте коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы тіркелді.
Астана. 26 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 563 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 26 қазанда КВИ-ден 882 адам (732 КВИ+ және 150 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 97 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 785 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 2 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 841 992 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 602 948 адам вакцинацияланды. 5 599 809 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны