09.01.2021, 13:23 11148

Қазақстанда 9 қаңтарға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 9 қаңтар. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 8 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 161 493 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанда өткен тәулікте 843 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 161 493. Аймақтар бойынша:

Алматы қаласы - 19 401 (+135),

Шығыс Қазақстан облысы - 19 219 (+47),

Нұр-Сұлтан қаласы - 19 159 (+70),

Атырау облысы - 14 265 (+92),

Қарағанды облысы - 12 371 (+38),

Павлодар облысы - 9779 (+114),

Батыс Қазақстан облысы - 9531 (+49),

Солтүстік Қазақстан облысы - 9079 (+55),

Қостанай облысы - 8041 (+64),

Ақмола облысы - 7716 (+58),

Алматы облысы - 7531 (+55),

Шымкент қаласы - 5570 (+15),

Жамбыл облысы - 5112 (+18),

Маңғыстау облысы - 3790 (+11),

Ақтөбе облысы - 3744 (+3),

Түркістан облысы - 3750 (+13),

Қызылорда облысы - 3435 (+6).

Қазақстанда өткен тәулікте 751 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 148 263, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.

9 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-дан 22 830 адам (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 383 науқас стационарларда, ал 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

• ауыр жағдайда – 283 науқас;

• аса ауыр жағдайда – 49 науқас;

• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 46 науқас.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 9 қаңтар аралығында коронавирустен жалпы 2 356 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 4 науқас қайтыс болды.

Сонымен қатар, 7 қаңтар 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 28 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 59 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46 218, 522 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33 740 жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны