02.11.2022, 13:35 8531

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 35 жағдайы тіркелді

КВИ-ден 811 адам ем алуды жалғастыруда.
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 35 жағдайы тіркелді
Сурет: Depositphotos
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 35 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 788 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 қарашада КВИ-ден 811 адам (664 КВИ+ және 147 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 65 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 746 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 3 пациент,
 
- аса ауыр халде – 3 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
31 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 843 214 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 605 513 адам вакцинацияланды. 5 613 445 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны