30.07.2020, 23:40 10747

Қазақстанда COVID-19 қарсы күреске қосымша мыңға жуық маман тартылды

Медициналық жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамынан 198 адам, 2020 жылғы түлектер арасынан - 550 адам, резиденттер қатарынан - 108 адам қосылды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің 27 маманы тартылды.

Алматы. 30 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда COVID-19 қарсы күреске қосымша мыңға жуық маман тартылды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы күреске қосымша 977 медицина қызметкері тартылды, оның 80-і - Ресей Федерациясының маманы.

Медициналық жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамынан 198 адам, 2020 жылғы түлектер арасынан - 550 адам, резиденттер қатарынан - 108 адам қосылды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің 27 маманы тартылды.

Карантиндік шаралар нәтижесінде ауру 29 пайызға төмендеді.

Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін 5 шілдеден бастап тіркелген жағдайлардың саны 29 пайызға төмендегені байқалады. Сонымен қатар, жұқтырғандардың саны тәулігіне 1500-1600 адам деңгейінде тұрақтанды.

Стационарлардың жүктемесі 43 пайызға, оның ішінде реанимациялық палаталардың жүктемесі 27 пайызға төмендеген. Сауығып кеткендердің саны 63 пайызға дейін өсті, жедел жәрдем шақырушылар қатары азайды.

Осы оң нәтижені әріқарай жалғастыру мақсатында шектеу шаралары тағы екі аптаға ұзартылды, кейін кезең-кезеңмен алынады.

Қазақстанда көрсеткіштер бойынша рецепт онлайн беріледі

Коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін емханаларда онлайн-консультация өткізуге арналған байланыс-орталығы, оның ішінде бейінді мамандар жұмыс істейді, көрсеткіштер бойынша рецепт онлайн беріледі.

Бүгінгі таңда көтерме және бөлшек саудада сату ережелеріне және дәрігердің электрондық тағайындауы бойынша дәрілік заттарды сатуға мүмкіндік беру бөлігінде рецепті жазу, есепке алу және сақтау ережелеріне өзгерістер енгізу және рецепті дәріханада электронды түрде ұсыну туралы бұйрық жобасы дайындалды. Бұл ретте пациент рецептінің көшірмесін дәріханаға онлайн байланыс құралдары арқылы, оның ішінде мобильді қосымша арқылы жібереді.

Сондай-ақ пациенттер медициналық ұйымға тіркелу, қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға анықтама беру сияқты қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндік бар. Алайда, ауру бойынша пациенттерді қабылдау, қажетті тексерулер мен консультациялар толық көлемде жүргізіледі, бірақ адам көп жиналмау үшін алдын ала жазылу керек.Емханаға тікейлей жүгінетін пациенттер медициналық көмек көрсету тактикасын анықтау үшін дәрігерге дейін фильтр кабинеттерде алдын ала тексеріледі, қажет болған жағдайда шұғыл көмек көрсетіледі. Жоспарлы көрсеткіштер болған кезде пациентті учаскелік дәрігердің қабылдауына жазады.

Қазақстандық медицина қызметкерлері ДДСҰ ұсынымдарын ескере отырып, COVID-19 жұқтырғандарды кодтаудың жаңа әдісін үйренеді.

Қазақстанда диагностиканың нақты критерийлерін ескере отырып, "Covid-19 коронавирус инфекциясы" кодтауды енгізу бойынша медицина қызметкерлері оқытылды. Медициналық ұйымдар күн сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жаңа кодтауға сәйкес Covid-19 ауруы мен өлім туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерге енгізеді: U07.1 - COVID-19 коронавирус инфекциясы (зертханалық расталған) және U07.2 - COVID-19 коронавирус инфекциясы (ПТР тест нәтижесінде індет анықталмағанда, бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар болса).

Даулы өлім жағдайларын медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссия қарайтын болады. Еліміз 1 тамызда ICD-10 кодтарын қолдана отырып кодтауға толық көшеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны