09.06.2022, 15:06 16976

Қазақстанда коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 828 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
7 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
9 маусымға КВИ-ден 152 адам (106 КВИ+ және 46 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 33 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 119 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 4 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
2022 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 510 545 адам, 2-ші компонентпен - 9 288 778 адам вакцинацияланды. 4 620 749 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны