31.10.2022, 12:43 7871

Қазақстанда коронавирус ауруының 15 жағдайы тіркелді

КВИ-ден 830 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 31 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 15 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 729 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазанда КВИ-ден 830 адам (681 КВИ+ және 149 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 77 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 753 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 2 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
29 қазанда коронавирус (КВИ-) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы тіркелді.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 842 957 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 604 927 адам вакцинацияланды. 5 609 347 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны