04.08.2021, 20:32 115221

Қазақстанда жаңа оқу жылы мен демалыс күндері бекітілді

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың 2021 жылғы 27 шілдедегі №368 бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталу, ұзақтығы және каникул кезеңдері анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталу, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мынадай мерзімдері: 1) 2021-2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек; 2) 1-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) - сыныптарда - 34 оқу аптасы айқындалсын", - делінген құжатта.

 
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда: күзгі - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда); 1 - сыныптарда: қосымша каникул-7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).
 
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны