28.09.2022, 13:44 10021

Қазақстандықтар интернет жұмысындағы іркілістерге шағымданды

Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Павлодар қалаларының тұрғындары интернет желісіндегі ақауларға шағымданып жатыр.
АСТАНА. 28 ҚЫРКҮЙЕК - 28 қыркүйек таңертеңнен бастап қазақстандықтар интернет желісіндегі ақауларға шағымданып жатыр.
 
Редакция тілшісі түсініктеме алу үшін байланыс операторларының баспасөз қызметіне хабарласты.
 

Операторлардың желілері қалыпты жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, мәселе операторлардың барлығының желілерінен туындап тұр. Бұл – жаһандық проблема әрі операторлардың пайдасына емес", - деп хабарлады Tele2 баспасөз қызметі.

 
Kcell және Beeline Қазақстанның баспасөз қызметтері де барлығы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
 
Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Павлодар қалаларының тұрғындары интернет желісіндегі ақауларға шағымданып жатыр.
 
Сонымен қатар, интернеттің істен шығуы Алматы мен Атырау әуежайларының жұмысына да кері әсер етті.
 
Air Astana әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгін, 28 қыркүйекте таңғы сағат 4:00 шамасында Алматы әуежайындағы және ішінара Атырау әуежайында интернет байланысынан ақау шыққан.
 

Осыған байланысты рейстерге тіркеу қолмен жүргізілді, бұл Алматыдан келетін таңғы рейстердің орташа есеппен 1,5 сағатқа кешігуіне әкеп соқтырды", – делінген хабарламада.

 
Әуе компаниясының өкілдері интернетке қосылу сағат 8:40-та қалпына келтірілгенін атап өтті.
 

Қазіргі уақытта әуе тасымалдаушысы біртіндеп ұшу кестесін қалпына келтіріп жатыр", – делінген хабарламада.


Еске салайық, жақында мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандық БАҚ-қа хакерлік шабуылды тіркеген болатын.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны