06.01.2023, 12:16 28146

Қазақстандықтарды 2023 жылы қанша мереке күні күтеді

Келесі жылы бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 245 жұмыс және 120 демалыс күндері бар
Қазақстандықтарды 2023 жылы қанша мереке күні күтеді
Астана. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Келесі жылы қазақстандықтар үшін мерекелер саны қысқарады.
 
2023 жылы мерекелердің көбі аптаның ортасына келеді, сондықтан ұзақ демалыс күндері өте аз болады.
 
Келесі жылы бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 245 жұмыс және 120 демалыс күндері бар.

Ең ұзақ демалыс күндері:
 
Қаңтарда Жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар;
 
Наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз;
 
Сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр;
 
Шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде;
 
Желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.

egov.kz
 
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі, 7 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, қосымша демалыс берілмейді.
 
Құрбан айт 2023 жылы 28 маусымға сәйкес келмек.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны