07.05.2019, 15:38 12743

Қазақстандық теңіз шекарашылары мемлекетке келтірілуі мүмкін болған 616 675 000 теңге шығынның алдын алды

Осылайша, сенбі күні теңіз шекарашылары Мемлекетке келтірілуі мүмкін 441 187 500, жексенбі күні 175 487 500 теңгенің шығынының алдын алды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық теңіз шекарашылары өткен сенбі, жексенбі күндері мемлекетке келтірілуі мүмкін болған 616 675 000 теңге шығынның алдын алды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасының "Орал", "Жеңіс", "Семсер", "Алматы", "Қажымұқан" атты шекарашылар кемелері еліміздің теңіздегі шекарасын күзете жүріп өткен сенбі күні Каспий теңізінен 12500 м. ау, 7500 дана ілмекті аулау құралдарын, 15 000 м. колада тауып, жинап алып, 695 кг бекіре тұқымдас балықтарды тірідей құтқарса, жексенбі күні 46 900 м. ау, 9250 дана ілмекті балық аулалу құралдары жиналып, 175 кг бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді. Осылайша, сенбі күні теңіз шекарашылары Мемлекетке келтірілуі мүмкін 441 187 500, жексенбі күні 175 487 500 теңгенің шығынының алдын алды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны