23.02.2022, 16:59 31076

Қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Ресейде филиалдарын ашады

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын құру туралы Ресеймен келісімге қол қою туралы қаулы қабылдады.
НҰР-СҰЛТАН. 23 АҚПАН - Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын құру туралы Ресеймен келісімге қол қою туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату және білім беру сапасын қамтамасыз ету, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы Келісімге қол қою туралы Қаулы қабылданды.

Келісімде екі елдің заңнамасына сәйкес тең негіздегі филиалдар құрылатыны көзделген, ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде айтылды.

Келісімді іске асыру аясында филиалдарды ашу кезінде қосарланған лицензия алу жүзеге асырылады. 

Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде меңгеру арқылы, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін. Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылатын болады.



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны