22.02.2022, 18:09 33666

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне су басу қаупі төніп тұр

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында 280-нен астам елді мекенді су басу қаупі төніп тұрғанын айтты.
Қазақстанның бірқатар өңірлеріне су басу қаупі төніп тұр
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында 280-нен астам елді мекенді су басу қаупі төніп тұрғанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райы жағдайына байланысты 431 мыңнан астам адам тұратын 285 елді мекенде су басу қаупі сақталады", - деді ҚР ТЖМ басшысы.


«Қазгидромет» РМК алдын ала болжамды деректері бойынша жалпы ылғал қорының көлемі Ақмола облысындағы Сілеті өзенінің бассейндеріндегі орташа көп жылдық мәннің нормасынан 25%-ға, Қостанай облысындағы Қараторғай және Торғай өзендерінің бассейндерінен 12-57%-ға және Батыс Қазақстан облысындағы Шежін-2 және Шыңғырлау өзендерінің бассейндерінен 20-22% - ға жоғары

Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында саны 10 мың адам және 1 700 бірліктен астам техника азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды.

Бүгінгі күні су басуды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 5,2 млн.текше метрден астам қар шығарды, ЖЖМ, инертті материалдар, қаптар мен жарылғыш заттар қоры қалыптастырылды", - деп айтты министр.


Ол сондай-ақ 2021 жылы су тасқынына қарсы 37 іс-шараны іске асыру аяқталғанын хабарлады. Бұған 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Бұдан басқа, өңірлерді дамыту бағдарламалары және 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша облыстық жұмыс жоспарлары шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен әкімдіктер министрліктің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғауды көздейтін 148 іс-шараны іске асырды. Бұл өткен жылы 158 елді мекеннің қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді", - деді ҚР ТЖМ басшысы.


Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде өткен жылы 51 жағалауды нығайту және 72 шақырымға жуық өзен арнасын тазарту, 78 шақырым қорғаныс бөгеттерін салу және ағымдағы жөндеу, 2 гидротехникалық құрылысты салу және 6 гидротехникалық құрылысты жөндеу, 21 км су бұру арнасын салу және 25 шақырымын тазалау жүргізілді, 4 жергілікті құлақтандыру жүйесі орнатылды.

Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асырудыің арқасында 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды және 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Бүгінгі күні бұрын анықталған су тасқыны қаупі бар мыңнан астам елді мекеннен 285 елді мекен үшін қауіп сақталуда, бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.





 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны